Дағыстанда медресе мұғалімін атып кеткен

Автомат асынған адам. Көрнекі сурет.

Дағыстандағы Цунтин ауданының Чалях ауылында медресе мұғалімі 35 жастағы Саидахмет Иманов қаскүнемдер қолынан қаза тапқан.

Жұмаға қараған түні бет-жүздерін жасырған төрт адам Имановқа автомат қаруынан оқ жаудырған. Мұғалім сол жерде тіл тартпай кеткен.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қазір қылмыскерлерді іздестіріп жатыр деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттіктері.