Астанада екі жұмысшы газдан уланып қайтыс болған

Құдық. Көрнекі сурет.

Астанада жұма күні екі жұмысшы жұмыс орнында қаза болған. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Астанадағы «Алаш» базарында болған. Құдықта электр қондырғыны ауыстырып жатқан 24 және 22 жастағы екі жұмысшы сонда жинақталған улы газдан иістеніп қайтыс болған деп хабарланды.