Қазақстанда жастар ісі жөніндегі комитет құрылды

Рок-н-ролл билеп жүрген жастар. Көрнекі сурет.

"Үкімет қаулысымен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде жастар ісі жөніндегі комитет құрылды деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда комитеттің облыстық және аудандық құрылымдары да болады.

Комитеттің негізгі қызметі - жастар саясатының әдістемесін жасау, оны жоспарлау, үйлестіру, нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасап, баға беру.

«Үкіметтің бұл қаулысы мемлекет басшысының 2012 жылы 27 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясында берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қабылданды» делінген хабарламада.