Бүгін Харьковте Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың үстінен қозғалған екінші қылмыстық іс бойынша сот проецесі басталуы тиіс. Тергеу орындары Тимошенко 1990-шы жылдардың екінші жартысында "Украинаның бірыңғай энергетикалық жүйелері" корпорациясын басқарған кезде қаржылай айла-шарғы жасаған деген айып тағып отыр.
Қазір Харьков түрмесінде сот жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенко денсаулығы көтермейтінін айтып, биліктен бұл процеске өзінің қатыспауына рұқсат беруін сұраған. Ол өтінішке қатысты сот шешімі бүгін белгілі болмақ. Тимошенконы қараған Берлиннің «Шарите» емханасының дәрігерлері дүйсенбі күні Украина басшылығынан науқасты емдеуді дұрыс аяқтау үшін оны сегіз апта бойы мазаламауды сұрады.
Юлия Тимошенко украиналық дәрігерлерге сенбейтінін айтып, неміс дәрігерлерінің жәрдеміне жүгінген.
Былтыр қазанда Киевтің аймақтық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы «2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жылға түрмеге кесу туралы үкім шығарған.