Оралда 8 адам терроризм айыбымен сотталды

Атырау облыстық сотының ғимараты. Көрнекі сурет.

Дүйсенбіде Оралда Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында сегіз адам терроризм айыбымен сотталды деп хабарлайды оралдық "Уральская неделья" басылымы.

Сегіз адамға қылмыстық кодекстің 233 бабы бойынша (терроризм) айып тағылып, 6 жылдан 9 жылға дейін сотталды. Басылымның хабарына қарағанда, судья Ақгүл Қарасаева Е.М.Ахатовқа 233 баптың 2 тармағы бойынша "террористік топ құрды деген айып тағып, 9 жылға үкім кескен. Қалған жеті адамның екеуіне жеті жылдан, бесеуіне алты жылдан жаза кесілген.

Тергеу орындары топтың "конституциялық құрылымды күшпен құлатып, ел аумағында шариғат заңдарын орнатпақ болғанын және терроризмді насихаттағандарын" айтады.