Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі бүгін Сириядағы елшілігінің ондағы қауіпсіздікке алаңдап, қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.
Министрліктің хабарына қарағанда, Сириядан елшілік қызметкерлерінен өзге Әзірбайжанның 60 азаматы шығарылған. Қазір мұнда ешқандай әзірбайжандық қалмады.
Әзірбайжан жағы Сириядағы жағдайдың таяу арада тұрақталатынына және елшілік жұмысының қайта жалғасатынына сенім білдірді.
Осы уақытқа дейін бірнеше ел Сириядағы елшілерін шығарып алды.