Ресей әскерилерінің бұрынғы және қазіргі шенеуніктері Дмитрий Медведевті президент болып тұрған кезінде, 2008 жылы Оңтүстік Осетияда әскери операция жүргізуге бірден шешім қабылдай қоймады деп айыптады. Әскерилердің пікірінше, осының салдарынан Ресей себепсізден-себепсіз шығынға ұшырады.
Ресей мен Грузияның арасындағы қарулы қақтығысқа төрт жыл толғанын байланысты түсірілген фильмде әскербасылары Медведев сол кездегі премьер-министр Владимир Путин қысым көрсетпейінше әскери операция бастауға шешім қабылдаған жоқ деп айтады.
Ал президент Владимир Путин 2006 жылдың соңы мен 2007 жылдың басында бас штаб дайындаған Грузияға шабуыл жасау жоспарын өзі бекіткенін айтады.
Кеше Оңтүстік Осетияда сөйлеген Дмитрий Медведевтің өзі әскери операцияны бастау туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын мәлімдеді.
Ресей мен Грузия арасында Оңтүстік Осетия үшін әсқери қақтығыс 2008 жылдың тамызында болған. Осы қақтығыстан соң, Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлініп, тәуелсіздігін жарияды.