Ирандағы жер сілкінісінің құрбандары көбейіп барады

Қуатты жер сілкінісінен кейінгі Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясы, 12 тамыз 2012 жыл

Жергілікті Press TV телеарнасының хабарлауына қарағанда, Ирандағы күшті жер сілкінісінің салдарынан өлгендер саны 250-ден асып барады. "Иран билігінің болжамы бойынша, өлгендер әлі де көбеюі мүмкін" деп хабарлайды Tengrinews.kz

Кеше 11 тамыз күні кешке Иранның солтүстік-батысында болған қуаты 6 балдан астам жер сілкінісінен кейін кей ақпарат құралдары төрт ауыл түгел жойылып, алпыс қаралы ауылға елеулі нұқсан келтірілгенін хабарлады.Әсіресе, Шығыс Әзербайжан провинциясында құрбандар көп дегенді айтады.

6,2 балдық жер сілкінісі әуелі Ахарда, онан кейін магнитудасы 6,3 дүмпу Варзакан мен Харисте болған.

2003 жылы 4 желтоқсанда Иранның Бам қаласы төңірегінде болған 6,6 балдық жер сілкінісі 31 мыңнан астам адам өмірін қиған еді.