Зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қарсы комитет құрылды

Көшеде ұсақ-түйек сатып отырған зейнеткерлер. Ақтөбе. (Көрнекі сурет).

Алматыда әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайтуға қарсы республикалық комитет құрылды деп хабарлады Азаттық тілшісіне "Социалистическое сопротивление" ("Социалистік қарсылық") қозғалысының өкілі Дмитрий Тихонов.

Комитетке түрлі еңбек ұйымдарының өкілдері кірген. Комитетті құру жиынында олар 18 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында әйелдердің зейнеткерлікке шығу мерзімін 63 жасқа дейін ұлғайту ұсынысына қарсы бейбіт шерулер өткізуге өтініштер берген. Бірақ жергілікті билік олардың өтініштерін қанағаттандырмады.

Бірнеше ай бұрын Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 58-ден 63 жасқа дейін ұлғайту ұсынысы жасалып, оны ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко қолдаған еді.