Лондон олимпиадасының қазақ келбеті

XXX жазғы Лондон олимпиадасының алғашқы күні Қазақстанның бірінші алтыны «велосипедпен келді». 250 шақырымдық жарыста озып келген 38 жастағы қазақстандық велошабандоз Алекандр Винокуров жеңісінен кейін бапкерлікпен айналысатынын айтты.

Әйелдер арасында 53 килограмм салмақта сайысқа шыққан зілтемірші Зүлфия Чиншанло жалпы көрсеткіш бойынша 226 килограмды көтеріп, әлем рекордын жаңартып, алтын медаль иеленді.

63 килограмм салмақ бойынша сайысқа шыққан зілтемірші Майя Манеза да (ортада) олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы олимпиаданың төртінші күні үш алтын медальмен жалпы командалық есепте алтыншы орынға шықты.

Екі дүркін әлем және еуропа чемпионы Светлана Подобедова 2012 жылғы Лондон олимпиадасында да жеңімпаз атанды.

Қазақстанның жеңіл атлетикасы араға он екі жыл салып барып кезекті олимпиада алтынын иеленді. Ольга Рыпакова ұзындыққа секіру секторында олимпиада үздігі атанды.

2008 жылғы Пекин олимпиадасында чемпион атанған зілтемірші Илья Ильин Лондон ойындарында да бірінші болды. Ол Қазақстанда алғашқы екі дүркін олмипиада чемпионы атанды.

Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың финалға шыққан сәті. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл.

Аса ауыр салмақта бокстан олимпиаданың қола жүлдегері атанған Иван Дычко (оң жақта). Лондон, 6 тамыз 2012 жыл.

Ақжүрек Таңатаровты белдесулердің бірінде қарсыласы құлағын тістеп алды. Қазақ балуаны еркін күрестен олимпиаданың қола жүлдегері атанды Лондон, 12 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасынан қоламен оралған Гөзел Манюрованың соңғы белдесуін ұтқан сәті. Лондон, 9 тамыз 2012 жыл.

Грек-рим күресінен 84 килограмм салмақта олимпиадада қола медалін иеленген Даниял Гаджиевтің Беларусь өкілі Алим Селимауды аударып жатқан сәті. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл.

Әйелдер боксынан қола медаль алған қазақстандық Марина Вольнова (сол жақта), чемпион атанған АҚШ өкілі Кларесса Шилдс (оң жақтан екінші), күміс жүлдегер ресейлік Надежда Торлопова (оң жақта) және қытайлық қола жүлдегер Ли Чинзи.

69 килограмм салмақ дәрежесінде чемпион атанған Серік Сәпиев Лондон олимпиадасындағы үздік боксшы ретінде танылды.