ОАР-да шахтерлер мен полиция қақтығысты

Полиция мен қаза тапқан шахтерлер. Рустенбург, Оңтүстік Африка Республикасы. 16 тамыз 2012 жыл.

Оңтүстік Африка республикасының солтүстік-батысында платина өндіретін шахтада полиция мен ереуілдеген шахтерлер арасында қақтығыс болды.

Полицияның хабарлауынша, Рустенбург қаласына жақын шахтада болған қақтығыста тағы 18 адам қаза тапты. Алдыңғы күндері 10 адам қаза болған. Шахтерлер тек темір таяқтармен ғана емес, атыс қаруларымен қаруланған. Жалақыны көтеруді талап етіп, ашу-ызаға булыққан жұмысшылар қаруды полиция ереуілді көзден жас ағызатын газ және су шашып таратпақ болғанда қолданған.

Бір-бірімен бәсекелес шахтерлердің екі кәсіподағы арасында да қақтығыс болды.

Шахталардың иесі - Lonmin корпорациясы таяу күндері жұмысқа шықпағандар жұмыстан босатылатынын мәлімдеді.