Ауғанстанда НАТО-ның 2 сарбазы қаза тапты

Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің сарбазы. Гильменд уәлаяты. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанынң батысындағы Фарах уәлаятында бүгін ауғандық полицей НАТО-ның екі сарбазын атып өлтірді. Бұл туралы Ауғанстандағы халықаралық коалициялық күштер қолбасшылығының өкілі Джеймс Грейбл хабарлады. Айтуынша, шабуыл жасаған адамның көзі жойылған.

Бейсенбіде Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО тікұшағы апатқа ұшырап, АҚШ-тың жеті сарбазы қаза тапқан еді.

Ауғанстанда осы жылдың басынан бері ауған қауіпсіздік күштері мен жұмысшыларының қолынан осымен 39 шетел сарбазы қаза тауып отыр.