Норвегия соты өткен жылы жазда 77 адамды өлтірген 33 жастағы Андерс Брейвикке 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Ослода өтіп жатқан сотта үкімді оқыған судья айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп тауып, 21 жыл түрмеде отыруға жаза берді.
Бұған дейін Брейвикке тағайындалатын жазаға қатысты түрлі болжамдар айтылған. Тергеу барысында сараптама жасаған мамандардың бір тобы оны "ақыл-есі сау" деп тапса, екінші топ оны "психикалық ауруға шалдыққан" деген қарсы ұйғарымға келген еді. Прокурор Свейн Холден "Брейвиктің ақыл-есі дұрыс емес" деген сарапшылардың ұйғарымын ескеріп, оны мәжбүрлі түрде емдеуді сұраған. Бірақ Брейвиктің өзі қылмысын саналы түрде жасағанын айтты.
Андерс Брейвик 2011 жылы 22 шілдеде Ослоның орталығында бомба жарды. Одан 8 адам қаза тапты. Бұдан соң ол Утоя аралында өтіп жатқан социал-демократиялық партиясының жастар лагеріне барып, 69 адамды атып өлтірді.
Брейвик қылмысы үшін жаза алатынын мойындаса да, өзін кінәлімін деп есептемейді. Ол "Еуропада ислам экспансиясы басталған тұста кісі өлтіру қажет болды" деген пікірде.