Қытайда жол апатынан 28 адам опат болды

Жол апатына ұшыраған автобустың қаңқасы. Көрнекі сурет.

Бүгін таңғы мезгілде Қытайдың солтүстігінде Шэньси провинциясындағы Яньань қаласының маңында автокөлік апаты болды.

Алдын ала деректер бойынша, апат салдарынан 28 адам қаза тауып, жарақат алған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Апатқа ұшыраған автобуста нақты қанша адам болғаны белгісіз, сондықтан қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, қалааралық бағытта жолаушы тасымалдайтын қос салонды автобус метан газын тасымалдайтын автокөлікпен соқтығысып, көліктердің екеуі де өртенген.