БҰҰ: Сириядан 214 мың адам босып кетті

Сирия-Түркия шекарасында тұрған босқындар. 23 тамыз 2012 жыл.

Сириядан бас сауғалаған босқындар саны соңғы күндері шұғыл көбейді және алдағы күндері бұдан да артуы мүмкін деп ескертті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ведомствосы.

Ұйым өкілі Мелисса Флемингтің мәлімдеуінше, тек Иорданияның өзіне ғана соңғы бір аптада 10 мың сириялық үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстан бас сауғалап барған. Ал Сириямен шекаралас төрт елде тіркелген босқындар саны 214 мыңнан асқан.

Кеше Ливанға грек-католик шіркеуінің бірнеше өкілі, оның ішінде ұрыс жүріп жатқан Алеппо қаласының архиепископы да кетіп қалған.