Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев ел басқарып тұрған кезде жіберген экономикалық, саяси және жеке қателіктері үшін Қырғызстан халқынан кешірім сұрады.
31 тамыз - ел тәуелсіздігі күні Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне сұхбат берген Ақаев президент кезінде жасаған ең үлкен қатесі ретінде экс-президент Құрманбек Бакиевті шағын завод басшысынан екі облыстың губернаторы, одан ары премьер-министрлік қызметіне дейін өсіргенін атады. "Мұны 2005 және 2010 жылғы оқиғалар көрсетіп отыр. Ол халыққа және мемлекетке үлкен зардап келтірді" деді.
Асқар Ақаев 2005 жылы наурызда үкіметке қарсы толқу нәтижесінде қызметін тастауға мәжбүр болды. Содан бері ол Мәскеуде тұрып келеді. Ал оны президенттіктен кетірген Құрманбек Бакиевтің өзін халық 2010 жылы сәуірде биліктен тайдырды. Қазір ол Беларусьте тұрып жатыр. Қырғызстанда оған сәуір оқиғалары кезінде жүзден астам адамның қазаға ұшырауына қатысы бар деп айыпталып отыр.