Қазақстанда "МММ-2011" деп аталатын қаржы пирамидасының қызметіне қатысты тұңғыш рет "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
Алматы қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы полициясына Алматы қаласының тұрғыны аталған қаржы ұйымына биыл "16 мың АҚШ долларын салып, уәде етілген қаржыны ала алмай қалғаны" туралы шағым түсірген. Тұрғын арада екі делдал және бір қала тұрғыны болғанын айтады. Бұдан өзге де бірнеше тұрғыннан осыған ұқсас шағымдар түскен.
Прокуратура қаржы пирамидасы өкілдерінің аты-жөндері анықталғанын, қазір олар іздеуде екенін айтты.
2012 жылы мамырда Сергей Мавроди құрған "МММ-2011" қаржы пирамидасы салымдар мен ұтыстарды төлеуді тоқтатқан еді.