Еурокомиссия "Газпромға" қатысты тергеу бастады

"Газпром" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

Еуропалық комиссия ресейлік "Газпром" компаниясына қатысты тергеу бастады. Компания Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарында антимонополия туралы заңдарды бұзды және бәсекелестік шарттарын сақтамады деген күдікке ілінген.

Еуропалық комиссия "Газпромды" Еуропа Одағы елдеріне газ жеткізуді қиындатты, бәсекелестерінің қызметіне кедергі келтірді және газ бағасына мұнай бағасын мәжбүрлеп таңды деп күдіктенеді.

Егер заң бұзылғаны анықталса, "Газпромға" жылдық табысының 10 пайызы мөлшерінде айыппұл салынуы ықтимал. Тергеу шаралары бірнеше айға созылуы мүмкін.