13 қыркүйекте коррупциялық және экономикалық қылмыспен күрес агенттігі (қаржы полициясы) Атырау қаласында бюджеттен тұрмыстық қатты қалдықтар көмуге арналған полигон құрылысына бөлінген 111,8 миллион теңгенің жымқырылуына байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел тергеу тобы 6 қыркүйекте Атырауда мектеп және аурухана қызметкерлеріне несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына бюджеттен бөлінген 177,5 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты іс қозғады. Құзырлы орган Атыраудағы кейбір нысандарды заңсыз жекешелендіріп, мемлекетке 7 миллиард теңгеден астам зиян келтіру фактісі бойынша да іс қозғады.
7 қыркүйекте сот санкциясымен облыс әкімдігінің энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы Жайсанов үйқамаққа алынған. Ал 12 қыркүйекте аталған "қылмыстарға қатысы бар" деген күдікпен облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов пен қаржы басқармасының бастығы Жантеміров ұсталған.
"Тергеу шараларына қатысты басқа ақпараттар жарияланбайды" деді баспасөз қызметі.