Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері Азаттық тілшісіне Құлсарыдағы атыста тірі қалған Алдияр Сапаровтың денсаулығы туралы баяндап берді.
Сапаровтың емдеуші дәрігері Марат Жылқыбайұлы оған 12 қыркүйекте Құлсарыда операция жасалғанын айтады. Ал 14 қыркүйекте оны облыстық ауруханаға әкелген. Құлсары аудандық ауруханасының дәрігерлері оған "өзін өзі жару нәтижесінде ішкі ағзаларына зақым келген" деген диагноз қойған. Алдияр Сапаров жатқан хирургия бөлімі меңгерушісі Бауыржан Ахметқалиев оның бауыры, бүйрегі мен тоқ ішегінің жарақаттанып, ішінен қан кеткенін айтады.
Облыстық аурухананың арнаулы палаталарында Сапаровқа қоса 1983 жылы туған Тимур есімді полицей де емделіп жатыр. Полицейді емдеуші травматология бөлімінің меңгерушісі Руслан Қапанов оның Атырауда 14-15 қыркүйек күнгі түнде болған атыста тізесінен жараланғанын айтады.
12 қыркүйекте Құлсары қаласында құқық қорғау органдары "күдікті террорист" деген бір топ адамға қарсы арнайы операция жүргізген. Бас прокуратура оның барысында "террористік топқа қатысы бар" деген күдікпен бес адамның көзі жойылып, біреуі ауыр жараланғанын хабарлаған. Ресми орган күдіктілерді 5 қыркүйекте Атырау қаласында жарылыс кезінде қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовпен байланыстырған.
Атырауда сенбіге қараған түні Исатай-Махамбет алаңында кезекшілікте жүрген полиция қызметкеріне белгісіз біреулер оқ атып, қалалық ішкі істер басқамасы ғимаратына шабуыл жасамақ болған әрекеттен соң ауруханадағы күзет күшейтілген.