Беларусьте бүгін 23 қыркүйекте болатын парламент сайлауларына мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.
Өткен сенбіде елдегі басты оппозициялық партиялар - Біріккен азаматтық партия мен Беларусь халықтық майданы сайлаудан өз кандидатураларын алып тастаған. Оппозиция бұдан соң сайлаушыларды дауыс беруге байкот жариялауға шақырған. Екі партия да бұған сайлаудың демократиялық жолмен өтпейтінін және оппозицияның саяси тұтқындарды босату талабының орындалмағанын себеп қылып отыр.
Ал өздерін билік өкілдеріне балама санайтын "Шындықты айт" деп аталатын азаматтық кампания қолдаған кандидаттар сайлауға қатыса беру қажет деді.
Парламентте барлығы 110 орын бар. Оған 300-ге тарта үміткер таласпақ.