Әскери прокуратура қызметкерлерінің аттестациясы аяқталды деп хабарлады бүгін ведомствоның баспасөз қызметі.
Бас прокурор басқарған орталық аттестациялау комиссиясынан бас әскери прокуратура құрылымдарының сегіз басшысы, аймақтық және әскери гарнизондардағы 20 прокурор сынақтан өткен. "Бас әскери прокуратурадағы екі басшы мен бір аймақтық әскери прокурор "қызметіне лайық" деп танылып, оларды резервке немесе жоғары қызметке алу ұсынылды. Гарнизонның бір прокуроры "қызметіне лайық емес" делініп, лауазымын төмендетуге кеңес берілді. Қалған 24 қызметкер "қызметіне сай" деп танылды" дейді прокуратураның баспасөз қызметі.
Аймақтық комиссиялардан әскери прокуратураның 158 қызметкері аттестациядан өтіп, оның тоғызы "қызметіне лайық емес" деп танылған.