Қытайдың оңтүстік-батысында көшкін басып қалған 18 оқушының сүйегі бүгін табылды. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Тағы бір адам хабарсыз кеткен деп саналады.
Бейсенбі күні Юньнань провинциясындағы бір елді мекенде мектепті және онымен іргелес үш үйді көшкін басып қалған еді. Оның алдында бұл аймақта бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауған болатын.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, төтенше оқиға әдетте әлгі мектепте сабақ өтпейтін уақытта болған. Бірақ бұл жолы көшкін жүрген кезде мектепте балалар отырған. Оқушылар қыркүйек айында осы ауданда болған қатты жер сілкінісі кезінде босатқан сабақтардың орнына қосымша сағаттар белгіленгендіктен сол күні мектепке оқуға келген екен.