Түркияның астанасы Анкараға таяу жерде орналасқан Кыршехир қаласындағы көшелердің біріне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Көшенің ашылу салтанатына Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев қатысты деп хабарлайды қазақстандық ақпарат құралдары.
Соңғы 20 жылда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 4 миллиард долларға дейін өскенін еске салған елші Түймебаев "президент Назарбаевтың есімі Кыршехирдегі көшеге берілуі - өте маңызды оқиға екенін" айтқан.
2011 жылы сәуірде Түркияның Невшехир қаласында бір көшеге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген еді. Ал 2010 жылы жазда Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевқа биіктігі екі метрден астам ескерткіш орнатылған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 11-12 қазанда президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барады.