Қырғыз депутаттарын қамау шешімі өзгермеді

"Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев.

Бішкек қалалық соты Первомай аудандық сотының оппозициялық "Ата Жұрт" фракциясының депутаттары Қамчыбек Ташиев, Садыр Жапаров пен Талант Мамытовты екі айға қамау туралы шешімін күшінде қалдырды.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, сот шешімін қайта қарау жабық түрде өткен. Сот шешімімен келіспеген "Ата Жұрт" партиясының жақтастары наразылық акцияларын жалғастыра беретіндерін мәлімдеді.

Оппозиция жетекшілері 3 қазанда өткен, Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен митингіде "билікті күшпен басып алуға әрекет жасады" деп айыпталып отыр.