Қазақстандық истребитель ұшқыш Айдын Айымбетов ғарышкер мәртебесін алды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Бұл туралы премьер-министр Серік Ахметов арнайы қаулы шығарған.
Қазақстандық ғарышқа ұшудан үмітті екі ұшқыш - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына сүйеп ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырды.