Панама: жер үшін наразылықта 1 бала қаза тапты

Панама каналы.

Панамадағы Колон қаласында мемлекеттің иелігіндегі жерді жеке меншікке сатуға қарсы наразылық акциясы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан 9 жасар бала мерт болған. Жарақат алған бірнеше адамның арасында полиция өкілдері де бар.

Жерді жеке меншікке сатуға қарсы наразылықтар бірнеше күнге жалғасып отыр. Үкімет Панама каналының жағасындағы баж салығы алынбайтын аймақтағы жер телімдерін жеке меншікке сатуды жөн санап отыр. Бұған дейін бұл жер телімдері жыл сайын жалға беріліп, оның ақшасы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы кенже қалған, қылмыс деңгейі жоғары қаланың бюджетіне түсетін. Үкіметті сынаушылар егер жер сатылатын болса, қала бюджеті жыл сайынғы кірістен айырылатындығын алға тартады.

Даулы жерде 2 мыңнан астам компания орналасқан.