Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елде жалақы мен зейнетақыны көбейтуге және Түркіменстанды аграрлы елден индустриалды мемлекетке айналдыруға уәде берді. Бердімұхамедов бұл уәдесін Каспий жағасындағы Түркіменбашы қаласында арасында үкімет пен жергілікті билік өкілдері, ақсақалдары бар мыңдаған делегаттар алдында айтты.
Бердімұхамедов газ экспортынан түсетін табыс есебінен халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, келесі жылдан бастап жалақыны 10 пайызға, зейнетақыны 15 пайызға көбейтетінін айтты.
27 қазанда Түркіменстан тәуелсіздік алғанына 21 жыл толғанын атап өтеді. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2012-2013 жылдары Түркіменстанда жалпы ішкі өнімнің өсу деңгейі бұрынғы жылдармен салыстырғанда төмендейді.