Апелляциялық алқа Сарбөпеевтің үкімін өзгертпеді

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнәр Симатованың айтуынша, апелляциялық алқа Сарбөпеевтің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған. Симатова Сарбөпеевтің өз атындағы дүние-мүліктер ғана тәркіленетінін айтады.

Ақтөбе облыстық соты 25-қыркүйекте Орақ Сарбөпеевті қылмыстық кодекстің 24-бабы ("қылмыс жасауға дайындалу") бойынша айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.