Жапон экономикасының өсімі баяулады

Жапонияның экономика министрі Сэйдзи Маэхара.

Жапонияның экономика министрі Сэйдзи Маэхара ел экономикасы біртіндеп құлдырауы мүмкін деген қауіп айтты. Министр мұндай қауіпті Жапония экономикасы шілде-қыркүйек айларында жылдық болжанған өсімнен 3,5 пайызға төмендеген соң білдірді.

Министр осыған орай Жапония банкін дефляциямен күресуді оңайлату үшін қатаң қаржы-несие саясатын жүргізуге шақырды.

Жапония экономикасы өсімінің бұлайша төмендеуі әлем экономикасының өсу қарқыны баяулап, Қытаймен қарым-қатынастың шиеленісуінен кейін болды. Сарапшылардың ойынша, бұл жаңалық үшінші тоқсанда АҚШ пен Қытай экономикасының өсімі ары кеткенде үш пайызды құрайды деген болжамды расқа айналдыруы мүмкін.