Челах сотқа қатысудан бас тартты

Шекарашы сарбаз Владислав Челах сотта отыр. Талдықорган, 21 қараша 2012 жыл.

"14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді" деген айып тағылған Владислав Челах сот материалдарын зерттеу аяқталғанша сотқа қатысудан бас тартты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов оның сотқа қатысудан бас тартатынын айтқан мәлімдемесін оқыған. Оның айтуынша, Челах: "Мен құқықтарымды бұзатын сот пен прокурорларға сенбеймін. Камерадан шығудан және сот отырысына қатысудан бас тартамын" деп жазған.

Осыдан соң судья сотты Челахтың қатысуынсыз өткізу туралы қаулы шығарған.

Бұдан бұрын бүгінгі сотта Челах өз денесін жараламақ болған еді:

http://www.youtube.com/embed/vlFcOD2j_Nw