«Нұр-Мүбәрак» университетінің аты «Нұр» боп өзгерді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Египеттің сол кездегі президенті Хосни Мүбәрак. Каир, 12 наурыз 2007 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Египеттің сол кездегі президенті Хосни Мүбәрак. Каир, 12 наурыз 2007 жыл.

Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» университетінің атауынан «Мүбәрак» сөзі алынып тасталды.

Дін істері агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігінің хабарлауынша, енді университет қазақ-египеттік «Нұр» ислам университеті деп аталады.

Өткен жылы Қазақстанның мұсылман одағы араб елдерінде болып жатқан саяси жағдайға байланысты университет атауынан Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрактың атын алып тастауды ұсынған еді.

Агенттіктің жазуынша, мұндай өтінішті Египет жағы да жасаған.

Қазақстан және Египет президенттерінің құрметіне орай аталған «Нұр-Мүбәрак» университеті 2001 жылы құрылған.