Алматы облысында 96 адам омбы қардан шығарылды

"Алматы облысында 96 адам омбы қардан шығарылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйене отырып.

Бұл ақпаратқа қарағанда Еңбекшіқазақ ауданы арқылы өтетін «Алматы – Көкпек - Қорғас» автожол бойындағы «Көкпек» асуында алты жеңіл көлік, екі жүк көлік, 12 адам омбы қарға малтығып тоқтаған. 30 жолаушысы бар тағы бір автобус Жаркент-Алматы жолында қалған.

Ақсу ауданында, Талдықорған-Қапал трассасының 50-60 шақырымында төрт көлік тоқтап, 19 адам далада қалған. Ұйғыр ауданы мен Еңбекшіқазақ ауданы шектесер тұста алты жеңіл көлік, он екі жүк көлік, барлығы 35 адам далада қалған.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің техникасы аталған көліктердің барлығын сүйреп шығарған.