Украина үкіметі отставкаға кетті

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров баспасөз мәслихатынан шығып барады. Киев, 20 қаңтар 2012 жыл

Украина президенті Виктор Янукович премьер-министр Николай Азаров басқаратын үкіметтің парламент сайлауынан кейін отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.

3 желтоқсан күні президент әкімшілігінің вебсайтында жарияланған хабарламада Януковичтің кейбір үкімет мүшелерін өтпелі кезеңде жұмыс істей тұруға шақырғаны туралы жазылған.

Азаров бастаған бірнеше министр парламент сайлауында депутат болып сайланған еді. Янукович енді Азаров пен жекелеген министрлерді қайта тағайындай алады. Кейбір сарапшылар Николай Азаровтың орнын президентке жақын деп сипатталатын Сергей Арбузов басуы мүмкін деп болжайды.