АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Еуразия аймағындағы экономикалық интеграцияны нығайтуға бағытталған шараларды "Совет одағын қайта құру әрекеті" деп атады.
Клинтон мұны Дублинде (Ирландия) өткен құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің халықаралық конференциясында айтты. Ол "экономикалық интеграция" дегенде Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден Одағын меңзеді.
"Біз оның (интеграцияның) мақсаты не екенін білеміз және қазір процесті баяулату немесе болдырмаудың тиімді жолдарын қарастырып жатырмыз" деді ол.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Клинтонның пікірлерін "жағдайды мүлдем теріс түсінген адамның сөзі" деп бағалады.
- Біз постсоветтік кеңістікте тек экономикалық интеграцияға негізделген байланыс орнатып жатырмыз, - деді ол.
Қазан айында баспасөзде Ресей президенті Владимир Путиннің Еуразия одағын құру туралы мақаласы басылған еді.