Бүгін Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтерін көрсететін елдегі алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ашылды. Бұл туралы Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа орталықта енді автокөлікті бір сағаттың ішінде тіркеп, жүргізуші куәлігін теориялық және тәжірибелік емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда орташа есеппен 2 сағаттың ішінде алуға болады деп хабарланды.
Жол қозғалысы ережелерінен емтиханды осы орталықта тапсыруға болады. Ол үшін ХҚКО аумағында қажетті бейнебақылау камералары, белгі беру қондырғылары орнатылған автоматтандырылған автодром салынып, тест тапсыруға арналған сынып қажетті құралдармен жабдықталған.
Жалпы аумағы 19 мың шаршы метр орталық бір мезгілде 8 көлікке қызмет көрсете алады. Автоматтандырылған автодромда бір мезгілде 6 жеңіл, 1 жүк көлігінде сынақ тапсыруға болады.