Украина президенті Виктор Янукович Николай Азаровты премьер-министр қызметіне қайта ұсынды. Президенттің ұсынысын енді парламенттің мақұлдауы қажет.
64 жастағы Азаров Янукович президент болып сайланған 2010 жылдың ақпанынан бері премьерлік қызметті атқарып келді. Биыл қазандағы парламент сайлауынан соң Николай Азаров басқаратын үкімет отставкаға кеткен еді.
Парламент Азаровтың кандидатурасын қолдаса, онда оның басты міндеті - елдің шетелдік кредиторларға қарызын (9 миллиард 1 миллион АҚШ доллары) төлеу үшін Халықаралық валюта қорының көмек қаржысын алу туралы келісім жүргізу болмақ.
Халықаралық валюта қорының өкілдері Киевке қаңтардың екінші жартысында келеді деген болжам бар.
Сарапшылар Украина парламенті 12 желтоқсанда өтетін алғашқы сессиясында Азаровтың бірауыздан құптайды деп болжайды.