2012 жылғы танымал 12 құқық қорғаушы

Қазақстандағы оппозициялық саясаткер, тіркелмеген «Алға» партиясына жетекшісі Владимир Козлов кемінде 17 адам қаза болған (ресми дерек) Жаңаөзен оқиғасына байланысты «Елдің конституциялық құрылымын күштеп құлатпақ болды» деген айыппен жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Бирманың оппозициялық саясаткері Аун Сан Су Чжи жиырма жылдан астам уақыт елдегі демократиялық қозғалысқа жетекшілік етті. Ол 15 жылдай (1989-2010 жыл аралығында) үйқамақта отырды. Бирманың әскери басшылығы жасаған реформалардан кейін ол биыл парламент депутаты мандатына ие болды.

Қытайдың азаматтық белсендісі, зағип заңгер Чэнь Гуанчэн еліндегі «бір бала» саясатындағы аборт пен стерилизация жасату сынды заңбұзушылықтарды әшкере етті. Ол төрт жыл түрмеде отырып, биыл бала-шағасымен бірге АҚШ-тан саяси пана тапты.

Беларусь оппозициялық саясаткері Алесь Беляцкий елдің алғашқы демократиялық қозғалысы – Беларусь халықтық майданын құрған. Ол қазір «салық төлеуден жалтарғаны» үшін төрт жарым жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Саясаткер 2012 жылы «Ой еркіндігі» номинациясы бойынша Сахаров жүлдесіне үміткер болды.

Насрин Сотудех – Ирандағы адвокат. Жазасын өтеушілердің, әйелдердің, кәмелет жасына толмағандардың және өлім жазасына кесілгендердің құқығын қорғаумен айналысады. «Мемлекет құрылымына қауіп төндіргені» үшін түрмеде отырған заңгер – Сахаров жүлдесінің иегері.

Ай Вэйвэй – Қытайдың саяси белсендісі, суретші. Бейжің олимпиадасына арналған «Құс ұясы» стадионының құрылысына қатысқан, жемқорлықты сынаған концептуалист-суретші «салықтан жалтарғаны» үшін қамауға алынды.

Петр Букерт – Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») ұйымының төтенше жағдайлар бойынша директоры. Ол шиеленіс аймақтарындағы адам құқықтарының бұзылу жайттарын ашуға күш салған. Биыл ұйым содырлардың Ливия басшысы Муаммар Каддафидің күзетін қырып салғаны жайлы баяндама жасады.

Нобель сыйлығына бейбітшілік номинациясы бойынша үміткер атанған хирург-гинеколог Денис Муквеге ұзақ соғыс болған Конгода зорлыққа ұшырағандарды емдеумен айналысты.

Өлім аузынан аман қалған 14 жастағы Малала Юсафзай Пәкістандағы бала құқығын қорғау және қыздарға білім беруді насихаттаумен танымал. Ол қазан айында мектептен үйіне қайтып бара жатқанда талибтердің шабуылына ұшырап, мойыны мен басынан жарақат алған. Қазір Ұлыбританияда емделіп жатыр.

Идрак Аббасов – әзербайжандық тәуелсіз журналист. Ол сәуір айында полиция мен SOCAR мемлекеттік энергетикалық компаниясы күзетшілерінің соққысына жығылып, ауруханаға түсті.