АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "АҚШ Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайын жақсартып, тұрақты, қауіпсіз және демократиялық қоғам орнату үшін Қазақстан билігімен, азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтаса жұмыс жасайды" деп мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі таратқан хабарламада айтылады.
Клинтон хатында АҚШ президенті Барак Обама мен америкалықтар атынан Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
Клинтон Қазақстан тәуелсіздік жариялаған кезде оны ең алғашқылардың бірі болып АҚШ танығанын еске салды.
"Қазір стратегиялық әріптестік диалогы арқасында АҚШ пен Қазақстан халқы экономикалық, энергетикалық байланыстарды нығайтуға, ғылым мен технология саласында ынтымақтастық орнатуға, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті жақсартуға қызмет етіп келеді" дейді ол.