Ауғанстанда он бала жарылыстан көз жұмды

Дәрігер жарылыстан зардап шеккен баланы тексеріп тұр. Ауғанстан, 18 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында он бала жарылыстан қаза тапты.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жастары 9 бен 13 аралығындағы қыз балалар отын жинап жүргенде жарылғыш құралға жолыққан.