ҰҚК Азаттық тілшісінің құралдарын тартып алды

Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев.

Алматыда "Голос республики" басылымын тінту кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаевтың барлық қызметтік құрал-жабдықтарын тартып алды.

ҰҚК қызметкерлері Азаттық тілшісінің фотоаппаратына тәркілеу кезінде зақым келтіріп, оның құрал-жабдығын "тінту аяқталған соң қайтарып беретіндерін" айтқан.

Бүгін ҰҚК Алматыда "Стан ТВ" телеарнасы мен тіркелмеген "Алға" партиясының кеңселеріне де тінту жүргізіп жатқаны хабарланды.