АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон биыл 11 қыркүйекте Бенгазиде (Ливия) америка елшілігіне жасалған шабуылды тергеген тәуелсіз комиссияның айыптауларын мойындады.
11 қыркүйекте Бенгазиде наразы топтың АҚШ елшілігіне жасаған шабуылынан осы елдегі елші мен үш америкалық азамат қаза тапқан еді. Тәуелсіз комиссия сейсенбіде осыған орай мемлекеттік департаментті "шетелдердегі дипломатиялық миссиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады" деп сынаған.
Клинтон комиссияның баяндамасына жауап ретінде конгреске жолдаған хатында шетелдердегі дипломатиялық миссиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша жүздеген теңіз жаяу әскерін жіберіп, қаржы бөлуді қарастыратынын айтты.
Тәуелсіз комиссия бұған қоса "АҚШ-та Бенгазидегі миссияға қауіп төніп тұрғаны жайлы жеткілікті барлау деректері болмағанын" да анықтаған.