Фото-байқауға келген суреттер (19-20 желтоқсан)

Жорналшы тәтеме тартсам ғой... Сары бойжеткен мен сары балақай. Жүктеген Жарас Кемелжан.

Үзіліс. Тіленші бала түстеніп отыр. Жүктеген Әсет Темірбаев.

Әр адамның арманы. Балалық шаққа саяхат. Жүктеген Нұргүл Нышанова.

Жастар мен кәрілер. Павлодардағы жағажайда жасалған сурет. Жүктеген Әсет Темірбаев.

Жарқын болашақты күтіп отырғанда. Павлодардағы аяғы ұзап бара жатқан үй құрылысы алдында түсірілген сурет. Жүктеген Әсет Темірбаев.

Ғарышқа ұшуға дайынбыз! Павлодардың қыздары әткеншекте "күн" жасап жатыр. Жүктеген Әсет Темірбаев

Сарыдала. Сартаудың бөктеріндегі алтынсары жазық. Жүктеген Жарас Шөке.

Саламат және Ақорда. Болашақ Ақорда - жастардың қолында! Жүктеген Саламат Алшеров.

Біздің мектептің жұлдызы. Менің қызымның кластасы "бала Нұрсұлтанмен" фотоға түскенімізге мәзбіз, тек екі бүлдіршінге керегі ол емес сияқты. Жүктеген Ғалымжан Қиясбек.

Бесіктегі сәби. Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жүктеген Жарас Кемелжан.

Тәтті шақ. Қолыма қоншы, көк көгершінім! Жүктеген Жарас Кемелжан.

Қазақтың бір тойы. Той тойға ұлассын. Тек тойға шашылыңыз! Жүктеген Нұргүл Нышанова.

Туған жер құшағында. Балалық шағымның балдәурені өткен қырқалар. Жүктеген Жарас Шөке.

Жасыл жайлау. Көктебе (Хан Тәңірі мен Сартаудың аралығындағы тарихи Көктебе тауы) бөктеріндегі көкшалғын. Жүктеген Жарас Шөке.

Халық серуені. Қазақстан халқының бірлігі күні болған мерекелік шараның үзілісі кезінде түсірілген сурет. Жүктеген Әсет Темірбаев