Италияда үкімет жетекшісі қызметінен кетті

Италияның премьер-министрі Марио Монти. Кабул, Ауғанстан, 4 қараша 2012 жыл.

Италияның премьер-министрі Марио Монти отставкаға кететіні туралы өтінішін ел президенті Джорджо Наполитаноға тапсырғаны хабарланды.

Енді Италияда кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуі тиіс, ол келер жылы ақпанға белгіленуі мүмкін. Алдағы сайлауға қатысатыны туралы Монти әзірге ештеңе айтқан жоқ.

Ал Марио Монтиға дейін Италия үкіметін басқарған Сильвио Берлускони парламент сайлауына түсу ниеті барын бұған дейін мәлімдеген еді.