Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, сейсенбіде "ҚазТрансОйл" компаниясының акцияларын саудаға салу басталған. "ҚазТрансОйлдың" акциялары қарашаның басында "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша сатылымға шыққан еді.
Құнды қағаздармен саудаласу бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 11.30-да басталған. "Халықтық IPO" бағдарламасы алғаш басталғанда компанияның бір акциясы құны 725 теңге болған еді. Брокерлердің хабарлауынша, қазір оның құны 805 теңгеге жеткен.