Хосни Мүбәрәк түрмеден ауруханаға түсті

Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрәк сот залында. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Египеттің өмір бойы бас бостандығынан айырылған экс-президенті Хосни Мүбәрәк денсаулығы нашарлап, түрмеден ауруханаға жатқызылды. Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, Мүбәрәк өткен аптада түрмеде құлап қалып, басы мен қабырғасы жараланған соң ауруханаға түскен.

84 жастағы Мүбәрәк елді 30 жылға тарта уақыт басқарып, 2011 жылы ақпанда жаппай халық толқулары нәтижесінде биліктен кетті. Ол толқу кезінде жүздеген адамның қаза табуына кінәлі деп танылып, биыл маусым айында өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген.