Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-қа үш күндік ресми сапарға шықты. Ол Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен және басқа да ресми тұлғалармен жолығады. Екі ел өкілдері қауіпсіздік, экономика, саясат, ауған армиясын жаттықтыру мен жабдықтау, т.б. мәселелерді талқылап, қауіпсіздік жөніндегі келісім жөнінде кеңеспек.
АҚШ және НАТО әскерінің басым бөлігі 2014 жылдың соңына дейін Ауғанстаннан шығып кетуі керек. АҚШ пен Ауғанстан президенттері халықаралық жасақ кеткен соң ауған қарулы күштерін жаттықтыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қанша әскер қалдыру жайын да мақұлдауы тиіс.