Жазғы олимпиаданы өткізуге үш қала өтініш берді

2020 жылғы жазғы олимпиада ойындарын өткізу құқын иеленуге үш қала өз кандидатурасын ұсынды. Токио, Мадрид және Стамбул қалаларының басшылары Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Лозаннадағы (Швейцария) штаб пәтеріне құжаттарын тапсырды.

Олимпиада ойындарын өткізуге Мадрид осымен үшінші рет, Токио екінші рет, ал Стамбул бесінші рет өтініш түсіріп отыр.

ХОК мүшелері олимпиада өткізу құқын қай қалаға беру туралы қыркүйекте Буэнос-Айресте жасырын дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.