Жапонияның сыртқы істер министрлігі елдегі Қытай елшісін шақыртып, даулы аралдар маңында Қытай кемелерінің жүруіне қарсылық білдірген нота тапсырды.
Жапон сыртқы істер министрінің орынбасары Акитака Саики Қытай елшісі Чэнь Юнуамен кездескенде "елдің жаңа премьер-министрі Синдзо Абэ Қытай кемелерінің Жапония территориялық суларына еніп, ұзақ уақыт бойына жүргеніне қатты наразылық білдіріп, енді оның қайталанбауын қатаң талап етті" деп мәлімдеді.
Қытай Жапонияның бақылауындағы Сенкаку деп аталатын (қытай тілінде Дяоюйдао) даулы аралға таласып, соңғы уақыттары екі ел арасы шиеленісе түскен. Қытай арал маңына бірнеше рет кемелерін жіберіп отыр.