Допингке қарсы ұлттық орталық құрылды

Қазақстан үкіметі спорт және дене шынықтыру агенттігінің жанынан "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы шешім қабылдады

Ел премьер-министрі Серік Ахметов қол қойған қаулы бойынша, енді құрылатын орталық спорттағы допингке қарсы іс-шараларды бақылап отырмақ.